СТУДЕНТТЕРДІҢ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫСЫ

Тапсырма N 1.Тікелей престеу әдісімен 15-20 дана натрий хлориді 0,9 г және ацетилсалицил қышқылы 0,5 г таблеткаларын алу үшін лабораториялық регламент құрастырыңыз.

Тапсырма N 2.Алдын-ала түйіршіктеу арқылы престеу әдісімен сульфадемизин 0,5 г және стрептоцид 0,5 г таблеткаларын алу үшін лабораториялық регламент құрастырыңыз.

Тапсырма N 3.Таблеткалық престе 0,9 г-нан 15-20 дана натрий хлориді және 0,5 г ацетилсалицил қышқылының, алдын-ала түйіршіктеу арқылы престеу әдісімен 0,5 г сульфадемизин және 0,5 г стрептоцид таблеткаларын дайындаңыз.

Тапсырма N 4.Алынған таблеткалардың сыртқы түрін, орташа салмағын, орташа салмақтан ауытқуын, беріктігін, ыдырағыштығы мен ерігіштігін анықтаңыз.

Тапсырма N 5.Материалдық балансты есептеу, шығын коэффициентін, технологиялық шығын, шығымды есептеу. Регламент безендіру.

 

Білім берудің және оқытудың әдістері: кіші топтарда жұмыс.

Дебиет

негізгі:

1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008.

2. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2011.

3. Иванова Л.А. - Технология лекарственных форм. - 2-том. - 1991.

4. Тенцова А.И. - Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм. - М.- 1986.

5. В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.

6. Эл.учебник:Чуешов В.И. и др. Промышленная технология лекарств.– Харьков.– 2010.

 

қосымша:

1. Муравьев И.А. - Технология лекарств. – 1 том. - М. - 1980.

2. Макхамов С.М. Основы таблеточного производства. Ташкент, 2004, 146 с.

3. Лекциялық материалдар

4. ҚР МФ, МФ ХІ басылымы.

Бақылау:

Бақылау сұрақтары:

1. Таблеттелуші массаға қосымша заттар қандай керекті технологиялық қасиеттер береді?

2. Өндірісте қандай таблеттеуші машиналар қолданылады? Құрылысы мен жұмыс істеу принциптері. Олардың ерекшелігі, артықшылығы, кемшілігі.

3. Пресс инструменттердің құрылысы мен жұмыс істеу принциптері.

4. Таблеттеу процесі қандай операциялардан тұрады (таблеткаларды престеу)?

5. Тікелей престеу әдісімен алынатын таблеткалар өндірісінің технологиялық сатыларын атаңыз. Оның артықшылығы неде?

6. Алдын-ала түйіршіктеусіз алынатын препараттардың номенклатурасын атаңыздар.

7. Таблеткалардың сапасын қанадай көрсеткіштері бойынша анықтайды? Сыртқы түрі қалай бағаланады? Таблеткалардың биіктігі мен диаметрінің қатынасы қандай болуы керек?

8. Таблеткалардың орташа салмағы дегеніміз не? Жеке таблеткалардың салмағында қандай ауытқулар жіберіледі? Дозалау дәлдігін қандай көрсеткіштер бойынша анықтайды?

9. МФХІ басылымы бойынша таблеткалардың ыдырағыштығына қандай талаптар қойылады? Олар қандай приборда және қалай анықтайды?

10. Таблеткалардың механикалық беріктігі дегеніміз не? Механикалық беріктігін қалай және қандай приборда анықтайды?

11. “Ерігіштік тесті’’ дегеніміз не?

12. Тікелей престеу әдісімен алынатын таблеткалар өндірісінің технологиялық сатыларын атаңыз. Оның артықшылығы неде?

Сабақ № 14

Кредит 4

Тақырып 3: Тритурациялық таблеткалар. Мырыш сульфаты мен рибофлавин таблеткаларын алу. Таблеткаларды қабықшалармен қаптау. Таблеткаларды бөлшектеу, орамдау.

Мақсаты: Теориялық материалдарды оқу негізінде тритурациялық таблеткалар алудың технологиялық процесін үйрену және дайын өнімнің сапасын бағалауды үйрену. Гранулалар, микродражелер, спансулалар және дражелер алудың процессін теориялық дәйектеуді үйрену. Орамдауыш материал түрін таңдай білуге үйрету.

Оқыту мақсаты:

студент білуі тиіс:

· тритурациялық таблеткалар туралы түсінік;

· тритурациялық таблеткалардың технологиялық ерекшеліктерін;

· тритурациялық таблеткалардың номенклатурасын;

· орамдауыш және құтыға қойылатын талаптар;

· орамдауыш материал түрлері;

· таблеткаларды бөлшектеп оорамдаушы машиналармен автоматтар.

· таблеткаларды қабықшамен қаптаудың мақсаттарын;

· таблеткаларды қабықшамен қаптаудың әдістерін;

· Таблеткаларды қандай мақсатта қабықшалармен қаптайды?

· таблеткаларды престеу әдісімен дайындаудың негізгі операцияларын;

· қолданылатын аппараттар мен олардың құрылысын, артықшылықтары мен кемшіліктерін;

 

студент істей білуі тиіс:

· әсер етуші және қосымша заттардың мөлшерін есептеу;

· түйіршіктерді дайындау және сапасын бағалау;

· таблеткалардың сапасын МФ ХІ басылымы талаптары бойынша және зерттеудің қазіргі әдістеріне сай жүргізу;

· қабықшамен қаптау үшін қосымша заттардың мөлшерін есептеу.

 

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

негізгі білім бойынша:

1. Тритурация. Оларды дайындау кезіндегі қатынастар, қолданылатын толықтырғыштар.

2. Қосымша заттар, олардың жіктелуі және номенклатурасы.

сабақ тақырыбы бойынша:

1. Тритурациялық, «көпіргіш», вагинальды, каркасты, көпқабатты таблеткалардың дәрілік түр ретінде жетілдіру жолдары мен келешегі.