СТУДЕНТТЕРДІҢ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫСЫ

Студенттер лабораториялық жұмыстарды келесі тапсырмалар бойынша орындап, хаттама мен протокол жазуы тиіс:

Тапсырма N 1.50 таблетка алу үшін керекті дәрілік зат пен қосымша заттардың мөлшерін есептеңіз:

а) 0,001 рибофлавин 0,1 аскорбин қышқылымен;

б) мырыш сульфаты 0,0003 г.

Тапсырма N 2.Арнайы массаларды формалау әдісімен жоғарыдағы жаэылым бойынша таблеткалар дайындаңыз (тритурациялық әдіс).

Тапсырма N 3.Таблеткалардың орташа салмағын, орташа салмақтан ауытқуын, ерігіштігін анықтаңыз.

Тапсырма N 4.Материалдық баланс құрастырып, технологиялық шығым, шығын, шығын коэффициентін анықтаңыз.

Білім берудің және оқытудың әдістері:кіші топтарда жұмыс.

Дебиет

негізгі:

1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008.

2. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2011.

3. Иванова Л.А. - Технология лекарственных форм. - 2-том. - 1991.

4. Тенцова А.И. - Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм. - М.- 1986.

5. В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.

6. Эл.учебник:Чуешов В.И. и др. Промышленная технология лекарств.– Харьков

қосымша:

1. Муравьев И.А. - Технология лекарств. – 1 том. - М. - 1980.

2. Макхамов С.М. Основы таблеточного производства. Ташкент, 2004, 146 с.

3. Лекциялық материалдар

4. ҚР МФ, МФ ХІ басылымы.

Бақылау:

Бақылау сұрақтары:

1. Тритурациялық таблеткалар дегеніміз не?

2. Оларды алу және сапасын бағалау жолдарының ерекшеліктері қандай?

3. Тритурациялық таблеткалардың номенклатурасы.

4. Көп қабатты таблеткалар қалай және қандай жағдайларда дайындалады? Оларды алу үшін қандай машиналар қолданылады? Олардың жұмыс істеу принциптері қандай?

5. Каркасты таблеткалар дегеніміз не? Олардың өндірісінде қандай қосымша заттар қолданылады?

6. Таблеткаларды бөлшектеп-орамдау қалай жүзеге асырылады? Таблеткаларға арналған орамдарды дайындау үшін қандау материалдар қолданылады?

7. Таблеткаларды бөлшектеп-орамдау үшін қандай машиналар мен автоматтар қолданылады? Олардың конструкциясының ерекшеліктері неде? Жұмыс істеу принциптері қандай?

8. Гранулалар, микродражелер, спансулалар және дражелер алу процессі нелерден тұрады? Олардың өндірісінде қандай қосымша заттар қолданылады?

9. Сапасы қандай көрсеткіштер бойынша сипатталады?

10. Гранулалар, микродражелер, спансулалар және дражелер түрінде босатылатын дәрілердің номенклатурасы.

11. Таблетка дәрілік түрлері үшін қандай орамдауыш түрлері қолданылады?

12. Құты дайындау үшін қандай материалдар қолданылады?

13. Шыны флакон, түтік және құтыларға даналанған дәрілік түрлерді бөлшектеу қалай жүргізіледі?

14. «Ротакс» жартылай автоматты санауыш машинасының жұмыс істеу принципі.

15. Контурлы ұясыз конвалюталарға даналанған дәрілік түрлерді бөлшектеу қалай жүргізіледі? «Аут» типті автомат.

16. Контурлы ұялы конвалюталарға даналанған дәрілік түрлерді бөлшектеу қалай жүргізіледі?

17. Тритурациялық таблеткаларды бөлшектеп-орамдау қалай жүргізіледі?

 

Сабақ № 15

Кредит 4

Тақырып 4: Желатинді капсулалар: жұмсақ және қатты. Майсана майы бар жұмсақ капсулаларды алу және сапасын бағалау. Дәрілік заттарды микрокапсулалау. Микрокапсулаларды алу .

Мақсаты: Теориялық материалдарды оқу негізінде және практикалық тапсырмаларды дәріханалық технология, физикалық және коллоидтық химия пәнінде орындау барысында алынған білімдерін пайдаланып, жұмсақ желатинді капсулалар алу және оларды дәрілік заттармен толтыру, сапасын МФ Х, ХІ басылымдарына сай тексеруді үйрену.

Микрокапсулаларды алу әдістерін және олардың сапасын анықтау әдістерін үйрену, қолданылатын қондырғылар мен олардың жұмыс істеу принциптері мен микрокапсулалау негіздері мен танысу.

 

Оқыту мақсаты

студент білуі тиіс:

- желатинді капсулалар және микрокасулалар өндірісінде қолданылатын қосымша заттар, олардың қасиеттерін;

- желатинді капсулалар мен микрокапсулалар алудың әдістері мен тәсілдерін;

- желатинді капсулаларды және микрокапсулаларды дәрілік заттармен толтыру, қолданылатын құрал-жабдықтарды;

- капсулалар мен микрокапсулалар сапасын бағалау;

- капсулалық және микрокапсулалық дәрілік заттардың номенклатурасын.

студент істей білуі тиіс:

- желатинді капсулаларды және микрокапсулаларды дайындау үшін қажетті қосымша заттар мөлшерін есептеу;

- жұмсақ желатинді капсулаларды дайындау;

- дайын дәрілік түрлердің сапасын бағалау;

 

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

негізгі білім бойынша:

1. ЖМҚ. Олардың сипаттамасы, жіктелуі.

2. Коацервация, коагуляция, синерезис құбылыстары. Олардың түзілу шарттары.

3. Жылу процестері. Жылу өткізгіштік. Конвекция. Сәулелену.

4. Жылу алмастырғыш аппараттар. Жұмыс істеу принциптері.

5. Салқындату. Конденсация. Конденсаторлар.

сабақ тақырыбы бойынша:

1. Капсулаларға дәрілік түр ретінде және дәрілік заттарға құты ретінде анықтама беріңіз. Медициналық капсулалар түрлері. Жалпы сипаттамасы. Артықшылықтары мен кемшіліктері.

2. Желатинді капсулалар өндірісінде қолданылатын қосымша заттар қасиеттері.

3. Желатинді капсулаларды алу әдістері: батыру, престеу, тамшылату әдістері. Қолданылатын қондырғылар. Жұмыс істеу принциптері.

4. Желатинді капсулаларды дәрілік заттармен толтыру. Аппаратуралар.

5. Медициналық капсулалардың сапасын бағалау. Қолданылатын приборлар.

6. Медициналық желатинді капсулаларды бөлшектеу және орамдау. Қолданылатын машиналар мен автоматтар.

7. Жұмсақ және қатты капсулаларда босатылатын дәрілік заттар номенклатурасы.

8. Медициналық капсулалар өндірісінің даму перспективалары. Ректальды, вагиналды капсулалар, ректиолдар.

9. Микрокапсулалар. Микроакапсулалаудың мақсаты, қолданылатын әдістер мен қондырғылар.

10. Микрокапсулалар өндірісінде қолданылатын қосымша заттар ассортименті.

11. Микрокапсулалық дәрілік түрлер: капсулалар, таблеткалар, суспензиялар, суппозиторийлер, жағар майлар.

12. Әсері ұзартылған дәрілік түрлер. Микрокапсулаланған препараттардың даму перспективалары.