СТУДЕНТТЕРДІҢ тәжірибелік ЖҰМЫСЫ

Студенттер жеке лабораториялық жұмыстарды келесі тапсырмалар бойынша орындауы керек және берілген ситуациялық есептерді шешуі тиіс.

Тапсырма N1.Оқытушының тапсырмасы бойынша берілген бір тұндырмаға лабораториялық регламент құру және өндірістің аппаратуралық және технологиялық схемасын жазу. Сығындауға қажетті этил спиртін есептеу және талаптама жазу.

Лабораториялық жұмысты орындауға арналған тұндырмалар номенклатурасы:

1. Долана (боярышник) тұндырмасы (1:10) 70% спиртте;

2. Сасықшөп (пустырник) тұндырмасы (1:5) 70% спиртте;

3. Қырмызыгүл (календула) тұндырмасы (1:5) 70% спиртте;

4. Шайқурай (зверобой) тұндырмасы (1:5) 40% спиртте;

5. Жусан (полынь) тұндырмасы (1:5) 70% спиртте.

Тапсырма N 2.Құрылған регламент бойынша 10-15 г. өсімдік шикізатынан тұндырма дайындау. Оны центрифугалау немесе 7 тәулік бойына қараңғы жерде тұндыру арқылы тазартамыз.

Тапсырма N3.Өткен сабақта алынған тұндырманы фильтрлеу арқылы немесе центрифугалау арқылы тазарту.

Тапсырма N4.Тұндырмаларды келесі көрсеткіштер бойынша стандарттау:

- сыртқы түрі мен органолептикалық қасиеттерін сипаттау;

- тұндырмадағы этанолдың мөлшерін қайнау температурасы бойынша анықтау;

- құрғақ қалдықты анықтау.

Тапсырма N5.Өңделген шикізаттан спирт-рекуператты әртүрлі әдістермен алу:

- шротты 3-5 есе дистилденген сумен жуу;

- қатаң бумен айдау және оны талдау, яғни қайнау температурасы бойынша рекуператтағы этанолдың мөлшерін анықтау.

Тұндырманы және спирт-рекуператты жеке-жеке безендіріп, оқытушыға тапсыру.

Тапсырма N6.Материалдық баланс құрастырып, технико-экономикалық көрсеткіштерді өңделген өсімдік шикізатынан алынған спирт-рекуператты есепке ала отырып шығару.

 

САСЫҚШӨП ТҰНДЫРМАСЫНЫҢ ЖЕКЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫНАН МЫСАЛ

Сасықшөп тұндырмасы (1:5) қатынасында 70% спиртте жылдамдатылған мацерация әдісімен дайындалады.

N Бастапқы шикізат атауы N ОСТ немесе фармакопеялық мақала Техникалық және сауда мәліметтері Сандық көрсеткіштері
1. Сасықшөп шөбі МФ Х, 688 бет Сасықшөп тұндырмасын дайындау үшін 70% спиртпен сығындалы-натын экстрактивті заттардың мөлшері 1%, 4% кем болмауы керек.
2. Этил спирті 70% МФ Х, 631 бет - // - // - Тығыздығы 0,782-0,808 г/см3
3. Дистилденген су МФ Х, 73 бет - // - // - Тығыздығы 1,0 г/см3

Сасықшөп тұндырмасы (1:5) қатынасында 70% спиртте жылдамдатылған мацерация әдісімен дайындаудың схемасы.

ШИКІЗАТТЫ ЖӘНЕ ЭКСТРАГЕНТТІ ДАЙЫНДАУ.

Шикізат-10 г., экстрагент –70% этанол 50 мл, 1:5 қатынаста.

1-мацерация(1-тұндыру) - 1 бөлік құю дайын өнім көлемінің 1/4 бөлігі;

2-мацерация(2-тұндыру) - 2 бөлік құю дайын өнім көлемінің 1/4 бөлігі;

3-мацерация(3-тұндыру) - 3 бөлік құю дайын өнім көлемінің 1/4 бөлігі;

4-мацерация(4-тұндыру) -4 бөлік құю дайын өнім көлемінің 1/4 бөлігі шикізатты сығындаумен бірге.

Сығындыны қараңғы жерде 7 тәулік тұндыру.

Дайын өнімді фильтрлеу------- мл.

Стандарттау. Тұндырма-------- мл.

ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ТӘРТІБІ

Өсімдік шикізатын дайындау: белгілі дәрежеге дейін ұнтақталған өсімдік шикізатының қажет мөлшерін 6-12 сағат бойы 1-2 есе экстрагент мөлшерімен жібітіп, ісіндіреміз. Перколятордың төменгі тесігін ішінен мақтамен жауып, шикізатты аздап нығыздайды.

Экстрагентті дайындау: тұндырманың берілген мөлшерін дайындау үшін қажетті спирт мөлшерін спирт сіңіру коэффициентін есепке ала отырып, келесі теңдік бойынша шығарады:

Х = а+РК

Бұл жерде :

Х – экстрагент мөлшері (мл)

а - алынатын тұндырманың мөлшері (мл)

Р –бастапқы шикізаттың мөлшері (г)

К – спирт сіңіру коэффициенті (сасықшөп үшін К=2).

Керекті концентрациядағы сулы спирті ерітіндіні алу үшін күшті спиртті сұйылту жолымен формула бойынша жүргізіледі.

Х =Y

Бұл жерде:

Х –сұйылтуға арналған спирт мөлшері, мл

Y – қажет концентрациядағы спирт мөлшері, мл

a- сұйылтылған спирт концентрациясы, м%

b – сұйылтылатын спирт концентрациясы, %

Толтырылған перколяторға экстрагенттің қажетті мөлшерін құяды да (“айна” пайда болғанша), 24 сағат тұндырады. Содан соң дайын тұндырманың сығындысын алады, оның көлемі жалпы тұндырманың көлемінің 1/4 бөлігін құрайды. Перколяторға 1,5 есе көп экстрагент мөлшерін құйып, 1 сағаттан кейін тұндырманың 2 - сығындысын дәл осындай мөлшерде алады. Экстрагенттің 1 есе мөлшерін тағыда құйып, 1 сағаттан кейін 3 - сығындыны алады да, перколяторға 0,5 есе экстрагент құяды. 1 сағаттан соң 4 – сығындыны алады. Шикізатты сығып алады. Барлық сығындыны біріктіріп, алынған сығындыны келесі сабаққа дейін тұндыру үшін тығыз жабылған сарғыш түсті құтыда, + 8 0 С жоғары емес температурада балласты заттардың тұнуы үшін (7 тәулікке) қалдырады (спирттік тазалау).

Ескерту: Экстракциялаудың аяқталғанын, яғни материалдың толық сығындалғанын келесі тәсілдермен анықтайды:

а) сұйықтықтың түссізденуі бойынша;

б) меншікті салмақтың айырмашылығы болмауы және таза экстрагенттің жоқ болуы бойынша;

в) әсер етуші заттарға жүргізілген сынаманың теріс нәтиже көрсетуі бойынша;

Білім берудің және оқытудың әдістері:кіші топтарда жұмыс.

 

Дебиет

Негізгі:

1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008.

2. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2011.

3. Иванова Л.А.-Технология лекарственных форм.2-том.-1991. 378-386, 387-390 беттер.

4. Тенцова А.И.-Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм.-М.- 1986.

5. В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.

6. Эл.учебник:Чуешов В.И. и др. Промышленная технология лекарств.– Харьков.– 2010.

 

Қосымша:

1. Муравьев И.А.-Технология лекарств. 1- том. -М.–1980 ж.

2. Лекциялық материалдар жинағы.

3. Фармакогнозия. Муравьева Д.А.- 1972 ж.

 

Бақылау:

Ситуациялық есептер:

Тапсырма N 1.Құрамында 0,042 %алколоиды бар ,105 л итжидек тұндырмасы алынды. Оны қалай нормаға келтіруге болады (стандартты құрамы 0,033 %)?

Тапсырма N 2.300 л строфант тұндырмасын қалай нормаға келтіруге болады, егер 1 мл-де жүрек гликозидтері 270 ЛЕД болса (стандартты құрамы 1 мл-де 180-200 ЛЕД)?

Тапсырма N 3.250 мл шүйгіншөп тұндырмасын алу үшін қажетті шикізат пен 96% спирттің мөлшерін есептеңіз.

Тапсырма N 4.Құрамында 18 ЛЕД жүрек гликозидтері бар 30 кг меруертгүл жапырағынан 300 л тұндырма алынды. МФ Х талабына жауап береді (1 мл-де 15 ЛЕД). Әсер етуші заттар бойынша материалдық баланс құрыңыз және технологиялық шығым, шығын және шығын коэффициентін есептеңіз.

Бақылау сұрақтары:

1. Галендік препараттарға дәрілік түр ретінде анықтама беріңіз. Олардың эволюциясы және жіктелуі.

2. Экстракциялау процесінің мәні неде? Диффузия процесінің қозғаушы күші болып не табылады (масса алмасудың)?

3. Молекулалық диффузия және заттардың конвективтік тасымалдануына салыстырмалы сипаттама беріңіз. Фик заңының диффузиялық процесс үшін және Эйнштейн теңдігінің диффузия коэффициенті үшін физикалық мәні неде?

4. Кептірілген және жас өсімдік шикізатын экстракциялаудың ерекшеліктері қандай?

5. Диффузия шығыны деген не? Оны қалай азайтуға болады?

6. Экстракциялау процесіне әсер ететін негізгі факторларды атаңыз. Бұл факторлар экстракциялаудың толықтығы мен жылдамдығына қалай әсер етеді?

7. Еріткіштер мен экстрагенттерге анықтама беріңіздер. Олардың номенклатурасы. Еріткіштер мен экстрагенттерге қандай талаптар қойылады?

8. Галендік өндірісте қолданылатын экстракциялау әдістерін атаңыз.

9. Мацерация дегеніміз не? Оның артықшылықтары мен кемшіліктері. Мацерация әдісін динамизациялау жолдары. Қысқаша сипаттама беріңіздер.

10. Перколяция дегеніміз не? Оның артықшылықтары мен кемшіліктері. Перколяторлардың қандай конструкцияларын білесіздер? Олардың салыстырмалы сипаттамасын беріңіздер.

11. Тұндырмаларға дәрілік түр ретінде анықтама беріңіз. Олардың жіктелуі. Қолданылуы. Тұндырмалардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Номенклатурасы.

12. Тұндырмалар өндірісі қандай технологиялық сатылардан және операциялардан тұрады.

13. Өсімдік шикізатын және экстрагентті дайындау сатысы қандай операциялардан тұрады? Тұндырмалар өндірісінде шикізат пен экстрагент қандай қатынаста алынады? Спирттің қандай концентрациялары қолданылады? Мысал келтіріңіз.

14. Өсімдік шикізатын ұнтақтау қандай аппараттарда жүргізіледі? Оларға қысқаша сипаттама беріңіздер.

15. Өсімдік шикізатын елеу қалай және не үшін жүргізіледі? Елеуіш қондырғыларға сипаттама беріңіздер.

16. Өсімдік шикізатын алдын-ала жібіту қандай мақсатта және қалай жүргізіледі? Қандай аппараттарда?

17. Тұндырмаларды алудың қандай жалпы әдістерін білесіздер? Олар қандай жағдайда қолданылады?

18. Тұндырмалар өндірісінде сығындыларды тазарту қалай жүргізіледі?

19. Еріту әдісімен қандай тұндырмалар дайындалады. Қандай жағдайда? Қандай аппараттар қолданылады?

20. Тұндырмаларды стандарттау қандай көрсеткіштер бойынша жүргізіледі? Тұндырмалардың сақталу шарттары.

Тест тапсырмалары:

1. Перколяция әдісі – бұл ... .

A. экстрагенттің барынша өңделгеннен, азырақ өңделген шикізатқа оның экстрактивті заттармен толық қанығуына дейін көп сатылы жүретін әдіс

B. ісінген шикізаттың қабаты арқылы оның толық өңделгенше экстрагентті үздіксіз өткізіп отыру әдісі

C. шикізатты бөліктерге бөліп, әрбір келесі порциясын алдыңғы алынған сығындымен экстракциялау әдісі

D. бөлме температурасында есептелген экстрагенттің мөлшерімен шикізатты ұзақ тұндыру әдісі

E. 2-3 бөлікке бөлінген экстрагенттің әртүрлі порциясында шикізатты кезекпен тұндыратын, ал сығындыларды соңынан біріктіретінәдіс

2. Тұндырмалар өндірісінде қолданылатын экстрагент ... .

A. сығылған көмір қышқыл газы

B. әртүрлі концентрациядағы этанол

C. ацетон

D. ыстық және суық су

E. хлороформ

3. Экстракциялаудың негізінде ... процессі жатады.

A. суыту

B. диффузия

C. рекуперация

D. бөлу

E. тұрақтандыру

4. Молекулалық диффузия – бұл ... таралу процессі.

A. арнайы жылу тасымалдағыш көмегімен жылудың белгілі ортада

B. үлкен емес көлемде ерітінді немесе газ түріндегі заттардың

C. арнайы араластырғыштар көмегімен заттардың

D. молекулалардың ретсіз қозғалыс нәтижесінде заттардың

E. вибрация және ультрадыбыс әсерінен заттардың

5. Экстракциялау процессі – бұл ... процессі.

A. қатты дене-сұйықтық немесе сұйықтық-сұйықтық жүйелерде экстракциялық заттарды сығындау

B. дәрілік заттарды органикалық еріткіштерде еріту

C. гетерогенді жүйелерді ортадан тепкіш әсерімен бөлу

D. биологиялық белсенді заттарды су буымен айдау

E. гетерогенді жүйелерді саңылаулы кедергі көмегімен бөлу

Сабақ № 8

Кредит 3

Тақырып 1: Сұйық экстракттар. Сұйық экстракттарды перколяция, жылдамдатылған бөлшекті мацерация тәсілдерімен алу. Абсолютті спирт бойынша материалдық баланс құрастыру.

Мақсаты: Сұйық экстрактты дайындауға қажетті шикізат пен экстрагент мөлшерін өз бетінше есептей білуге үйрету. Экстракцияның жылдамдығына және толықтығына әсер ететін факторларды есепке ала отырып, экстракциялау тәсілін дұрыс таңдай білуге үйрету, сұйық экстрактарды стандарттау.

Оқыту мақсаты:

студент білуі тиіс:

- экстракциялаудың теориялық негіздері;

- экстрактардың консистенция бойынша және экстрагенттің табиғаты бойынша жіктелуі;

- сұйық экстрактардың алыну тәсілдері;

- сұйық экстрактар өндірісінде қолданылатын аппараттар;

- сұйық экстрактарды стандарттау әдістері.

студент істей білуі тиіс:

- сұйық экстрактар өндірісіне лабораториялық регламент құрастыру және экстрагентті

дайындау үшін қажетті есеп жүргізу;

- сұйық экстрактарды перколяция және реперколяция тәсілдерімен алу;

- сұйық экстрактарды стандарттау;

- сұйық экстрактар өндірісінде алынған сығындыларды тазартуды дұрыс жүргізу;

- спирттік сығындыларды стандарттауды дұрыс жүргізу:

а) спирттік сығындылардағы этанолдың құрам мөлшерін қайнау температурасы бойынша анықтау;

б) спирттік сығындылардағы құрғақ қалдықты анықтау;

- абсолюттік спирт бойынша материалдық баланс құрастыру және технико-экономикалық көрсеткіштерді есептеу;