СҮЙЫҚТЫҚТАРДЫ КӨК ТАМЫРҒА ТАМШЫЛАТЫП

ЕНГІЗУДІ ОРЫНДАУ

Мақсаты: көк тамырға тамшылатып кұю, көп мөлшердегі сұйықтықты ақырын тамшылатып енгізу (тэулігіне бірнеше литрға дейін, қанды, қан препараттарын жэне қан ауыстырғыш ерітінділерді құю).

Қолдану көрсетілімдері: айналымда жүрген қанның алмасуын кайта қалпына келтіру, парентеральді тамақтандыру, улануды жою.

Енгізілетін жерлері: шынтақ бүгілісіндегі ішіндегі беткі көк тамыр, білектің, қолдың, аяқтың көк тамырлары.

Асқынулар: сепсис (микробтардың қанға тарап кетуі), ауалы эмболия (қан тамырдың эмболиямен тығындалуы), гематома (қан ісік), тромбофлебит (көк тамырдың тромбозы жэне қабынуы), флебит (кок тамырдың қабынуы), АҚТҚ, гепатит (бауырдың қабынуы), анафилактикалық шок, инфильтрат (қатайған тін бөлігі).

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын жүйені, мақта шариктерін, салфеткаларды, екі кішкене үзындығы 4-5 см жіңішке лейкопластырьды, клеенкалы жастықшаны, резеңке бүрауды, штативті, дәрілік ерітіндісі бар флаконды, лотокты, қолғапты, қауіпсізгжоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа жайлы жағдай алуға көмектесіңіз (емшара науқастың арқасымен жатқан қалпында жүргізіледі), қуықтын жэне ішекті босатуын үсыныңыз.

2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Қолыңызды спиртке ылғалдатылған мақта шариктерімен оңдеңіз, қолғапты киіңіз.

3. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні, дэрігердің ем тагайындайтын парағымен тексеріңіз, флаконның атын, дозасын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, сыртқы түріне, бүтіндігіне көңіл аударыңыз.

4. Науқастың шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз.

5. Салфетка немесе ішкі киімнің үстіне иықтың ортаңғы 1/3 бөлігіне бүрауды байлаңыз. Көк тамырды тесетін жерін қараңыз.

6. Тамыр соғуын тексеріңіз. Науқастан бірнеше рет жүдырығын қысуын жэне жазуын сүраңыз, бүл көк тамырдың қанмен жақсы толуы үшін, сосын жүдырығын қатты қысып түруын сүраңыз.

7. Көк тамырды саусақпен басып, сезіңіз. Қолға киген қолғапты 70% спирт ерітіндісімен өңдеңіз.

8. Көк тамырды тесетін жерін 2 рет мақта шариктерімен тазартыңыз, үшінші мақта шаригін сол қолдың 4-5 саусақ аралығына алыңыз.

9. Жүйедегі инъекңиялық иненің қалпағын алып, ерітіндіні тамшылатып жіберіңіз, көк тамырды сол қолдың үлкен саусағымен басыңыз.

Ю.Тері астына инені 30° бүрышпен, теріге қатарластыра енгізіңіз. Оның бүрышын азайтыңыз.

 

П.Науқастың ішінің астынан залалсыздандырылған ақ жайманы немесе кең орамалды өткізіп, оның шетін мейірбике ұстауы керек. Пункңия жасаған жерден жоғары немесе төмен ақжайма немесе сүлгімен қамтып ішті таңып тастаңыз.

12.Сұйықтық кете бастаған сайын іш пердесінің алдыңғы бетін мезгіл-мезгіл еңді сүлгімен немесе ақ жаймамен қысыңыз.

13.Емшара біткеннен кейін канюланы шығарып, жараны терілік тігіспен тігіп, 5% йод ерітіндісімен өңдеп, асептикалық таңғышты салыңыз.

14.Қолғапты шешіп, қолыңызды сабындап жуыңыз, кептіріңіз.

15.Пайдаланған қүрал-саймандарды ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. Қолғапты, мақта шариктерін, шприцтерді қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

16.Науқастың қан қысымын өлшеңіз, тамыр соғу санын есептеңіз.

17.Палатаға науқасты каталкамен тасымалдаңыз.

ІБ.Манипуляциядан кейін 2 сағат бойы науқас төсек тэртібін сақтау керек (гемодинамикалық бүзылыстарды болдырмау үшін) екенін ескертіңіз.

19.Алынған биологиялық материалды зертханалық зерттеуге жіберіңіз.

Ескерту: ^

- манипуляцияны жүргізгенде қатал асептика ережелерін сақтаңыз;

- сүйықтықты жылдам алғанда талықсу және талу жағдайы дамуы мүмкін, ол іш қуысы жэне кеуде торы ішіндегі қысымның түсу салдарынан және айналымдағы қанның қайта бөлінуінен пайда болады.

 

 

ПУНКЦИЯЛАР

НАУҚАСТЫ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҮРАЛ-САЙМАНДАРДЫ ПЛЕВРА ҚУЫСЫН ТЕСУГЕ (торакоцентез, плевроцентез)

ДАЙЫНДАУ

Мақсаты: диагностикалық: гілевра сұйықтығының құрамын зерттеу; емдік: плевра қуысынан сұйықтықты алу; плевра қуысына дәрі-дәрмектерді енгізу.

Қолдану корсетілімдері: жарақаттану гемоторакста (кеуде қуысына қанның құйылуы); спонтанды, қақпақты пневмоторокста (плевра қуысына ауаның жиналуы), тыныс алу жүйелері аурулары (крупозды пневмония, плевраның қабынуы, өкпе эмпиемасы (окпе қуысында іріңнің қалуы), туберкулез, окпе қатерлі ісігі (рак) және т.б.).

Қарсы көрсетілімдері: өте жоғары қанағыштық, тері аурулары пиодермия (терінің іріңдеуі), белдеме теміреткісі, кеуде торының күюі, жедел жүрек жетіспеушілігі.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: мақта шариктерін, дәке салфеткаларын, жаялықты, тері ішіне жэне тері астына инъекңия жасауға арналған инені, плевра қуысын тесуге арналған (үзындығы 10 см ине диаметрі 1-1,5мл) инелерді, 5, 10, 20, 50 мл шприңтерді, 0,5% новокаин ерітіндісін, 5% йод ерітіндісін, 70% спиртті, қысқышты, клеолды, лейкопластырьді, кеуде торының 2 рентгенограммасын, плевра сүйықтығына арналған ыдысты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, зертханаға жолдаманы, анафилактикалық шокта жедел көмек корсетуге арналған жиынтықты, қолғапты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мэліметті беріп, оның келісімін алыңыз.

2. Беліне дейін шешінген науқасты орындықтың арқа сүйенішіне бетімен қаратып отырғызыңыз, оны бір қолымен орындықтың арқа сүйенішіне таянуын, ал екінші қолын басына орнатуын (патологиялық үдеріс бар жағына) сүраңыз.

3. Науқастың денесін сәл бір қырына бұруын сұраңыз, дәрігер тесуді жүргізетін қарама-қарсы жағына.

4. Плевра қуысын тесуді тек қана дәрігер жүргізеді, мейірбике комекші қызметін атқарады.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.

6. Болжамды тесетін жерді 5% йод ерітіндісімен, сосын 70% сгшрт ерітіндісімен жэне қайтадан йодпен оңдеңіз.

 

7. Қабырға аралық бұлшық етке, плевраға инфильтрациялық анестезия (тесілетін жердің аурғанын сезбеу) жүргізу үшін, шприцке сорып алынған 0,5% новокаин ерітіндісін дәрігерге беріңіз.

8. VII-VIII қабырға аралығына астыңғы жатқан қабырғаның жоғарғы қырына тесуді жасайды, ойткені қабырғаның төменгі қырымен тамыр-жүйке будалары жүреді жэне қабырға аралық тамырлар зақымданады.

9. Плевра қуысына пункциялық инені дәрігер енгізеді жэне ішіндегі сүйықтықты шприцке сорып алады.

10.Шығатын сүйықтыққа арналған ыдысты қойыңыз.

11.Зертханалық зерттеуге: залалсыздандырылған банкіге (пробиркаға) шприцтін ішіндегі сүйықтықты қүйыңыз.

12.Шприцке сорып алынған антибиотикті плевра қуысына енгізу үшін дәрігерге беріңіз.

13.Инені алған соң тесілген жерді 5% спиртті йод ерітіндісімен оңдеңіз.

Н.Тесілген жерге залалсыздандырылған салфетканы салып,

лейкопластырьмен немесе клеолмен желімдеңіз.

15.Кеуде торына қатты керілген ақ жаймамен тануды жүргізіңіз, плевра қуысынан шыққан сүйықтықты баялау үшін жэне талықсудың дамуын ескерту.

16.Қолғапты шешіп, қолыңызды сабындап жуып, кептіріңіз.

17.Пайдаланған бір рет қолданылатын шприңті, қолғапты, мақта шариктерін, салфеткаларды контейнерге, пункциялық инені зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.

18.Науқастың көңіл-күйін, таңғыштың жағдайын қадағалап, тамыр соғуын есептеңіз, қан қысымын өлшеңіз.

19.Науқасты ішімен каталкаға жатқызып, палатаға апарыңыз.

20.Өткізілген манипуляциядан кейін науқас 2 сагат бойы төсек тэртібін сақтау қажеттілігі туралы науқасты ескертіп қойыңыз.

21.Алынған биологиялық материалды зерттеуге зертханаға жолдамасымен жіберіңіз.

Ескерту:

- плевра қуысынан бір уақытта 1 л-ден көп сүйықтық алса, талықсу дамуының қаупі бар;

- плевра сүйықтығын зертханаға апару кешіктірілуд күтпейді, ферменттер мен клеткалық элементтерді бүзбау үшін;

- ине плевра сүйықтығын қуысына түскенде бос кеңістікке «ойылған жерге» түскені сезіледі.