ЖЕЛ ШЫҒАРАТЫН ТҮТІКТІ ҚОЮ

Мақсаты: ішектегі желді (газды) шығару.

Қолдану көрсетілімдері: іш кебу, ішек атониясы, жібіту клизмасын қойғанда.

Қарсы көрсетілімдері: ішектен қан кеткенде, тік ішектің түсуінде, жуан ішек жэне анус тесігі аймагының жедел қабыну немесе ойық жара үдерісінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, қанаган геморройда.

Дайындаңыз: залалсыздандырылган: жел шыгаратын түтікті, лотокты, шпательді, қолгапты, вазелинді, клеенканы, жаялықты, халатты, алжапқышты, судноны сумен, салфеткаларды, әжетхана қагазын, кермені, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюга арналган контейнерді.

Іс-әрекег алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысы меп мақсатын түсіндіріңіз.

2. Наукасты кермемен қоршаңыз (егерде емшара палатада орындалса).

3. Науқастың қасына отыргыштың үстіне судноны қойыңыз (судно ішіне аз мөлшерде су қүйыңыз). Науқастың бөксе астына клеенканы салып, оның үстінен жаялықты төсеңіз.

4. Науқасты сол жақ қырына немесе шалқасынан жатқызып, оның аяқтары тізесінен бүгілуі керек.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолгапты киіңіз.

6. Жел шыгаратыи түтіктің домалақ үшына 20-30 см үзындыгына вазелинді жағыңыз.

7. Түтіктің ортасын бүгіп (бүктеп), оның бос үшын оң қолдың IV жэне V саусақтарымен кысып, ал домалақ үшын жазатын қаламүштай үстаңыз.

8. Сол қолдың I жэне II саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен жел шығаратын түтікті анус тесігіне енгізіңіз, оны тік ішекке қарай жылжытып ең алгаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.

9. Науқасты шалқасына бүрыңыз немесе сол жағдайда қалдырыңыз.

10. Жел шығаратын түтіктің бос үшын су күйған судноға немесе лотокқа салыңыз.

11. .Жел шыкқанда (су көпіршіктің шығуы бойынша) көзіңізді жеткізіңіз, суы бар судноны немесе лотокты алыңыз, ал жел шығаратып түтіктің сыртқы үшын жаялыққа конверт түрінде ораңыз.

12. Науқастың қал жағдайын әрбір 20-30 минут сайып бағалаңыз.

13.Науқастың үстін жауып, ішекте түтікті жел толық шыққанша 1 сағатқа қалдырыңыз.

14.Абайлап айналмалы қозғалыспен түтікті шығарып алып, анус тесіғі айналасын салфеткамен немесе әжетхана қағазымен тазартып, вазелин майы жағылған салфетканы бөксе аралығына салыңыз.

15. Жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ертіндісіне салыңыз.

16.Қолғапты шешіңіз. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

17. Қолыңызды жуып, қүрғатыңыз.

 

Ескерту: егерде ішектен жел толық шықпаса, емшараны 2-3 сағаттан кейін қайталаңыз, бірақта тэулігіне 2-3 реттен кем емес.

 

МАЙЛЫ КЛИЗМАНЫ ҚОЮ

Максаты: емдік: ішек бұлшык еттерін босансытуға, нэжісті сұйылту, түйілуді азайту жэне қалыпты ішектін жиырылып кеңеюін қалпына келтіру.

Қолдану көрсетілімдері: тазарту клизмасының эсері болмауы, спастикалык іш кату, ұзақ іш қату. жуан ішектің қабыну аурулары, операциядан кейінгі кезең, босанганнан кейін.

Қарсы көрсетілімдері: асказан немесе ішектен қан кету, тік ішектің қатерлі өскіндігі, анал тесігі аймагындагы сызат немесе тік ішектің түсуі, қансыраған геморрой.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: жел шығаратын түтікті, лотокті, Жане шприңін немесе алмүрт тэрізді баллоншаны, шпательді, қолғапты, салфеткаларды, клеенканы, жаялықты, вазелин майын, 100-200 мл мөлшердегі майлы ертіндіні, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контеинерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндірігі, оның келісімін алыңыз.

2. Кушеткаға клеенканы, оның үстінен жаялыкты төсеңіз. Науқасты кермемен қоршаңыз.

3. Науқасты сол жақ қырына жатқызып, оң аяғын тізе буынынан бүгіп, ішіне қарай келтірілуі керек.

4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киініз.

5. «Су» моншасында I - 38°С дейін жылытылған 50-100 мл майлы ерітіндіні алмүрт тэрізді баллоншага немесе Жане шприңіне сорып алыңыз.

6. Жел шығаратын түтіктің саңлаусыз домалақ, бітеу үшына 20-30 см үзындыққа вазелин майын жағыныз.

7. Сол қолдың I жэне II саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оң қолымен жел шығаратын түтікті абайлап айналмалы қозғалыспен анал тесігіне тік ішекке қарай жылжытып енгізіп, ең алғаш кіндік бағытына қарай 3-4 см, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңцікке енгізіңіз.

8. Майлы ерітіндіні алмүрт тэрізді баллоншаға немесе Жане шприңіне сорып алып, енгізер алдында оның ауасын шығарып, жел шығаратын түтіктің бос үшына жалғастырып, ақырын тік ішекке енгізіңіз.

9. Жел шығаратын түтіктің сыртқы үшына қысқышты салыңыз немесе қолмен қысыңыз.

10. Жел шығаратын түтіктен алмүрт тэрізді баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцінен шығарыгі алыңыз.

11. Жане шприціне немесе алмүрт тәрізді баллоншаға ауа сорып алып, қайтадан оны жел шығаратын түтікке жалғастырып, түтікте қалған майлы ерітіндіні тік ішекке қарай үрлеп (итеріп) жіберіңіз.

12. Жел шығаратын түтікті шығарып алып жэне алмүрт тэрізді баллоншанын үштығын зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

13. Анал тесік аймағының терісін салфеткамен сүртіңіз.

14. Науқасқа ынғайлы жағдай жасап жэне терең демалуын сүраңыз. 10-12 сағат ішінде деңе жағдайын өзгертіуін сүраңыз.

15. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.

Ескерту:

емшара жасар алдында науқас қуығын босатуы қажет;

майлы клизманы емдік мақсатпен жасағанда алмүрт тэрізді баллоншаны қолданыңыз; наукас тізе-шынтақ қалпында болуы қажет; майлы клизманы түнде қою қажет.