Пнелографияны дәрігер жүргізеді

Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:

1. Алдагы зерттеудің маңызы туралы негізгі хабарламаны түсінікті түрде наукасқа жасырын жагдайда беріңіз.

2. Зерттеуді жүргізуге науқастың келісімін алыңыз.

3. Зерттеуге дейін 3 күн бойы тамақ рационынан жел (газ) болдыратын тагамдарды (көкөністер, жеміс-жидектер, сүт, дрожжыдан жасалган тамақтар, қара нан, жемістен жасалган соктар) қолданбайды.

4. Іші кепкенде науқас 3 күн бойы дәрігер тагайындаган препораттарды қабылдайды.

5. Бір күн бүрын кеште (22 сагатта) жэне гаңертең 1,5-2 сагат зерттеуге дейін наукасқа тазарту клизмасын «таза су» нәтижесі болганша қүйыңыз.

6. Зерттеуді ашқарында жүргізу қэжетілігі туралы наукасқа ескертіңіз (соңгы тамақты қабылдау зертеуге дейін 18-20 сагат бүрын). Таңертең зерттеу алдында тамакты, сүйықтықты, дэрілерді қабылдамау керек, темекі шегуге болмайды, инъекциялар жэне басқа да емшаралар жасалмайды.

7. Зерттеуге 1-2 сагат қалганда контрасты заттарга сезімталдық байқауын жасаңыз I- 37°С дейін жылытылган, 1,0 мл контрасты затты көк тамырга енгізеді.

8. Тура зерттеу жүргізер алдында науқастан қуыгын босатуын сүраңыз.

9. Тагайындалган сагатқа науқасты ауру тарихымен рентген кабинетіне ілестіріп апарыңыз.

Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа шолу суреттері жасалады, осы уақытта мейірбике рентген кабинетінен шыгады.

2. Дәрігердің тагайындауы бойынша науқасқа і-37°С дейін жылытылган 20-50 мл контрасты затты 8-10 минут бойы ақырын науқастың көк тамырына енгізіңіз.

3. Анықталған аралық уақыт арқылы науқасқа суреттер сериясы орындалады.

4. Суреттерді жасағанда мейірбике рентген кабинетінен шығады.

5. Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз. Науқасқа бақылау мен тыныштықты қамтамасыз етіңіз.

Рентгенологиялық кабннетінің мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:

12.Науқасты сол жақ қырына аяғын ішіне келтіріп жатқызыңыз.

13.Рентген кабинетінде науқасқа клизма көмегімен барий сульфатын 1,5 л дейін (1-36-37°С) енгізіңіз.

14.Рентгенологиялық зерттеуді жүргізгенде мейірбике рентген кабинетінен шыгады.

15.3ерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.

 

Ескерту:

- ішекте газ пайда болуын азайту мақсатымен зерттеуге 3 күн қалғанда тамақ рационынан шикі көкөністерді, жеміс-жидектерді, жеміс сөктарын, қара бидай наны, сүт және дрожжалық тағамдарды, тэтті тағамдарды;

- тағайындаңыз: ботқаларды, кисельді, омлетті, пісірілген ет және балық тағамдарын, жүмыртқаны, ірімшікті, сырды, ақ нанды, сорпаны, ақ сухариларды.

 

 

СҮНГІЛІ МАНИПУЛЯЦИЯЛАР

АСҚАЗАНДЫ ЖУУ

Мақсаты: диагностикалық: емдік, өңеш арқылы асқазан ішіндегі затты шығару.

Қолдану көрсетілімдері: сапасы төмен тамақпен, дэрі-дэрмектермен, ішкілікпен, саңырауқүлақпен, иісті газбен уланганда.

Қарсы көрсетілімдері: асқазан-ішек жолдарынан қан кету; ауыз қуысы, жұтқыншақтың, өңештің, асқазанның қабыну аурулары; асқазан жэне өңеш күйігі, инфаркт миокардасы, ми қан айналысының бұзылуы, бронхиальды астма, өңештің тарылуы.

Дайындаңыз: залалсыздандырылган: жуан асқазан сүңгісін жэне резеңке түтікті (үзындыгы 70 см), сүнгілерді жалгастыратын шыны түтікті, сыйымдылыгы 0,5-1 л дейінгі шыны қүйгыны, лотоктарды шылапшынды, бөлме температурасындагы 10-12 л шелектегі таза суды (1-20-22°С), резеңке қолгапты 2 клеенкалы алжапқышты, сыйымдылыгы 1 л дейінгі қүмыраны немесе крушканы, дэке салфеткаларын, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысты, қүргақ хлорлы экті, сүлгіні немесе ақ жайманы, зерттеуге жіберетін бланк жолдамасын, қақпагы бар таза қүргақ банканы.

Іс-әрекет алгори гмі:

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның рұксатын алыңыз.

2. Науқасқа және өзіңізге клеенкалы алжапқышты байлаңыз.

3. Науқасты орындыққа арқасын орындықтың арқалыгына тыгыз тигізіп басын аз гана алдына қарай еңкейтіп отыргызыңыз.

4. Алмалы-салмалы тіс протезін алыңыз (егерде олар болса).

5. Науқастың қолын орындықтың арқалыгына кіргізіп, осы қалыпта сүлгімен немесе ақ жаймамен байлаңыз.

6. Науқастың тізелерін ажыратып, екі аяғының ортасына жуынды суға арналган шылапшынды немесе шелекті қойыңыз.

7. Науқастың артынан немесе оң жагынан тұрып, басты сэл артқа қарай бұрыңыз.

8. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартып, қолгапты киіңіз.

9. Қолыңызға залалсыздандырылған жуан асқазан сүңгісін алып, оның аралығын олшеңіз: бірінші белгі - науқастың төменгі күрек тісінен (саңылаусыз ұшымен) кіндікке дейін және екінші белгі - оган наукастың бір алақанының жалпағын (4 саусақтың жалпағы) қосыңыз.

Ю.Шыны түтік арқылы сүнгілерді жалгастырыңыз.

П.Науқасқа сүнгіні енгізген уақытга оны тіспен қысуға, жұлып алуға болмайды, тек мұрынмен демалып, жүту қозғалысын жасауды түсіндіріңіз.

12.Сүңғінің саңылаусыз ұшын жылы сумен сулаңыз.

ІЗ.Науқастан ауызын ашуды сұраңыз. Сүнгінің саңылаусыз ұшынан 10 см аралықтан, оң қолыңызбен ұстап оның ұшын тілдің түбіріне салыңыз.

Н.Науқасты жұтыну қимылын жасауын сұрап, мұрын арқылы терең дем ал деп, ақырындап сүнгіні өңешке енгізіңіз.

15.Қажет белгіге дейін сүнгіні асқазанға енгізіп, сүнгіге құйғыны жалғастырып, оны науқастың тізе деңгейіне дейін аз ғана енкейтіп түсіріңіз, асқазандағы зат ағу керек.

16.Құйғыға 1 л суды құйыңыз, оны құйғының шетіне дейін толтырыңыз.

17.Құйғыны ақырын көтеріңіз, су тек қана құйғыштың түбіне жеткенде, ол асқазан затымен толмағанша науқастың тізе деңгейінен төмен түсіріңіз.

18.Құйғының ішіндегі нәрсені (кұсықты) шылапшынға құйыңыз.

19.Асқазанды жууды бірнеше рет таза жуынды су шыққанша қайталаңыз.

20.Салфетка көмегімен асқазаннан сүнгіні ептеп шығарыңыз.

21.Клеенкалы алжапқышты шешіңіз.

22.Сүнгіні, резеңке түтікті құйғыны зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.

23.Науқастың ауызын сумен шайғызып, ауыз айналасын салфеткамен сүртіңіз.

24.Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз. -Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

25.Науқасты палатаға апарып, жатуына көмектесіңіз.

26.Науқасты фнзпкалық жэне психикалық тыныштықпен қамтамасыз етіңіз.

27.Жолдаманы толтырып, жуынды судың бірінші порңиясын (200 мл маңында) бактериологиялық зертханаға зерттеуге жіберіңіз.

28.Жуынды суға зарарсыздандыруды жүргізіңіз.

Ескерту:

- сүңгіні енгізгенде оның асқазанға ерікті өтуіне бақылау жүргізу қажет;

- егерде жуынды суда қан көрінсе, онда емшараны тоқтатып, дәрігерді шақырыңыз;

- шылапшындағы жуынды судың мөлшері кұйғы арқылы енгізген сұйықтықтың көлемімен сәйкес болуы керек;

- егерде науқас құсқысы келсе, онда сүңгіні енгізуді тоқтатады, одан бірнеше рет терең мұрынмен дем алуын сұраңыз, сосын енгізуді жалғастырыңыз;

- сүнгіні енгізгенде науқаста жөтел болса, тыныс алу қиындаса, беті көгеру пайда болса (сүңгі көмекейге немесе кеңірдекке түскен), онда сүнгіні кері тез шығарып алыңыз жэне қайтадан оны енгізіңіз.