Параграф. Бөлiмше командирiнiң мiндеттерi

 

173. Бөлiмше командирi - шақырылған жерге (өртке) келген өрт автокөлiгi немесе басқада тез әрекет жасаушы техниканың жауынгерлiк есебiн басқарушы қарауылдың лауазымды тұлғасы. Шақырылған жерге (өртке) бөлiмше командирi қарауылдың құрамымен келгенде, осы қарауыл бастығының қойған тапсырмасын орындайды.

174. Бөлiмше командирi бөлiмшенiң жеке құрамының тiкелей бастығы болып табылады және оның iс-қимылдарына жауап бередi. Ол бөлiмшенiң жауынгерлiк жұмысын басқарады.

175. Бөлiмше командирi:

өрт орнына келiсiмен, аға бастық келгенге дейiн бiрiншi болып өрт сөндiрудi басқарады. Басқа жағдайларда ӨСЖ хабарлап, одан әрi оның бұйрығын орындауға;

өз бөлiмшесiнiң және қарауылдың жауынгерлiк тапсырмасын бiлуге, оны әрбiр өрт сөндiрушiге жеткiзуге;

жауынгерлiк есептоптың өзара iс-қимылдарын қамтамасыз етуге;

өрт сөндiрушiлердiң бұйрықтарды және белгiлердi дұрыс, нақты орындауын қамтамасыз етуге;

бөлімшенің жеке құрамы арасында күш жұмсалатын жүктемесін бірқалыпты бөлуге;

бөлiмшенiң жеке құрамының техника қауiпсiздiгi ережесiн орындауын бақылауға және өзі сақтауға ;

бөлімшенің жеке құрамына көрсетілген жұмыс учаскесіндегі мүмкін қауіп туралы хабарлауға;

өзi бағынатын бастықпен байланыс ұстауға, оған жұмыс учаскесiндегi жағдайдың өзгергендiгi туралы баяндауға;

радиостанцияда жұмыс iстеудi, радиоалмасудың ережесiн бiлуге және сақтауға мiндеттi.

176. Жауынгерлiк қанат жаю кезiнде бөлімше командирі:

өте қысқа мерзiмде қанат жаюды қамтамасыз етуге;

бөлiмшенiң жеке құрамына су көзiн, магистралдық жең жолдарын тартудың бағыты мен тәсiлдерiн, жолдарда ең аз жеңдер санын пайдалануды ескере отырып, тарамдарды қондыру орнын, оқпандардың саны мен түрлерiн және оқпаншылардың шебін, өрт сатыларын орнату орнын көрсетуге;

өрт сатыларын орналастырудың дұрыстығын қадағалауға;

өрт кезінде өзi бағынатын бастыққа жауынгерлiк қанат жаюдың орындалғандығы туралы баяндауға міндетті.

177. Құрылымдарды ашу және бөлшектеу жұмыстарын атқарған кезде бөлімше командирі:

қажеттi өрт құралдары бар өрт сөндiрушiлердiң қажеттi санын белгiлеу, оларға жүргiзiлетiн жұмыстың мақсатын, ашу және бөлшектеудiң көлемi мен орнын көрсетуге;

егер құрылымды ашу және бөлшектеу бiр бөлiмшенiң күшiмен жүргiзiлсе, өрт сөндiрушiлерге әртүрлi мүлiктердi орналастырудың орындарын көрсетуге;

төменге (тастау орынына) бекетшi қоюға;

құрылымдарды ашу мен бөлшектеудiң тәртiбiн орындауды және жабдықтарға, мүлiктерге ұқыппен қарауды қамтамасыз етуге;

жұмыс орнына жақын жердегi электр сымдарын және электр құралдарын тоқтан ажыратудың, осы Жарғының 111 тармағына сәйкесгаз өткiзгiштердi өшiрудiң, сондай-ақ құрылымның құлауын алдын алуға байланысты шараларды қолданып, жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қамтамасыз етуге;

негiзгi құрылымды қадағалап, олардың құлауына және зақымдануына жол бермеуге міндетті.

178. Құнды мүлiктердi көшiру жөнiндегi тапсырманы орындау кезiнде бөлімше командирі:

өрт сөндiрушiлерге көшiрудiң кезегiн, материалдық құндылықтарды орналастырудың жолдары мен орындарын көрсетуге;

көшiрiлген материалдық құндылықтарға қарау мен сақталуын бақылауға міндетті.

179. Бөлiмдердi қарсы алу және орналастыру жөнiндегi тыл бастығының тапсырмасын орындау кезiнде бөлiмдi қарсы алуға, өрт автокөлiктерiн орналастыратын су көздерiн көрсетуге, бөлiм басшыларына ӨСЖ (жедел штаб бастығының, тыл бастығының) бұйрықтарын жеткiзуге және жедел штабтың орналасқан орнын көрсетуге міндетті.

180. «Тоқтат» командасы немесе белгiсi болғанда бөлімше командирі:

бөлiмшенiң жеке құрамының санын тексеруге;

ӨТЖ-ң санын тексеруді, автоцистернаны сумен толтыруды қамтамасыз етуге;

өртте бағынышты болған бастыққа бөлiмше командирi бөлiмшенiң қайтуға әзiр екенiн баяндауға міндетті.

181. Бөлімше командиріөрт сөндiрiлген жерде қызмет кезінде:

өрт орнына үздiксiз бақылау ұйымдастыруға;

өрт сөндiру құралдарын үнемi дайындықта ұстауға;

жану ошағын байқағанда, оларды өшiрудiң шараларын қолданып, ол жөнiнде өрт бөлiмiне хабарлауға;

қарауыл бастығының бұйрығы бойынша бөлімшеге қайту, бөлiмшенiң кетуi туралы объект әкiмшiлiгiн хабардар ету және оларға одан әрi бақылау жүргiзудi тапсыруға міндетті.

182. Бөлiмшенің орналасқан орнына келгеннен кейiн бөлiмше командирi күштер мен құралдарды жауынгерлiк дайындыққа тез келтiрiп, бұл туралы кезекшi қарауыл бастығына баяндауға мiндеттi.