Тарау. Ғимараттар мен құрылыстардағы өрттерді сөндіру

 

215. Ғимарат қабаттарындағы өрттерді сөндiру кезiнде ӨСЖ:

су жабу оқпандарын және көбiктi пайдалануға;

күштi оқпандарды тек қатты өршiген өрттерге пайдалануға;

суды жоғары қабаттарға немесе шатырға беру үшiн құрғақ құбырларды және көтергiш сорғыштарды iске қосып iшкi өрт крандарын қолдануға;

егер жану бiр немесе бiрнеше қабаттарда болып жатса, оқпандарды жанып жатқан қабатқа (қабаттарға), ал жоғары және төмен орналасқан қабаттарға резервтегi оқпандарды қорғауға енгiзуге;

желдеткiш, қоқыс арналары, құрылымдық шақшалары және қуыстары арқылы қабаттарға оттың таралуы мүмкiн болған жағдайларда оқпандарды өрт ошағына, жоғары және төмен орналасқан қабаттар мен шатырға енгiзуге. Оттың таралуын болдырмау үшiн бос құрылымдарды ашып, оларға суды себуге;

жанып жатқан қабаттағы бөлмелерде сөндiру жұмыстарын бiр мезгiлде жүргiзуге. Күштер мен құралдар жетiспеген жағдайда оқпандарды ең шеткi жанып жатқан бөлмеден бастап, өрт ортасына қарай ауыстыра отырып сөндiрудi бiрте-бiрте жүзеге асыруға;

тез жанбайтын және жанатын құрылымдық қабырғалар немесе бөлшектерi бар қабаттарда резервтегi оқпандарды жанбаған секциялардың саты торларынан жанып жатқан бөлменің қасындағы жерге беруге, негiзгi қабырға болғанның өзiнде басқа саты торынан жанып жатқан бөлме мен аралас бөлмелерді тексеруге;

от тиюi мүмкiн барлық жерге бақылау аршуын жүргiзiп, жанып жатқан және онымен аралас жайларды ұқыпты тексеруге, iшкi қуыс тiк құрылымдардың төменгi және жоғары бөлiктерiне айрықша назар аударуға;

төбе жанған, оның құлау қаупi болған кезде төбеден және төмен орналасқан қабаттардан адамдарды және материалдық құндылықтарды көшіруге;

қабаттарға оқпандарды саты торлары арқылы, жекелеген бөлмелерде құтқару жiптерiн пайдаланып терезе, балкон өрт сатылары, автокөтергiштер арқылы беруге;

жанған төбенi көбiкпен өшiруге;

құрылымды бөлшектеудi жоғарыдан және төменнен бiр мезгiлде жүргiзуге мiндеттi.

216. Ғимарат асытындағы өрттi өшiру кезiнде ӨСЖ:

өрт шығу қаупi бар заттармен материалдардың барлығын және олардың сипатын, ғимарат астындағы бөлмелердің жобалануын, төбе құрылымының оттың қабаттарымен шатырға таралу мүмкiндiктерiн анықтауға;

маңдайшалармен түтiн айдайтын құралдарды пайдаланып саты торларын түтiндеуден сақтаудың шараларын қолдануға;

ойықтар арқылы өрт аймағына тез кiру мүмкiн болмаған жағдайда төбелердегi немесе қабырғалардағы ашылатын тесiктердiң орнын анықтауға мiндеттi.

217. Жылу жолдары тоннельдерiндегi өрт кезiнде ӨСЖ:

құбыр өткiзгiштердiң жылу ажыратқыштарындағы жану шекарасын анықтауға;

объектiнiң техникалық қызметкерiнiң көмегiмен жылу өткiзгiш температурасын төмендетудiң шараларын қолдануға;

өрттің таралуын алдын алу мақсатында құбыр өткiзгiштерден жылу ажыратқыштарды бөлудi ұйымдастыруға;

«Б» оқпанын беруге немесе тоннельдi көбiкпен, бумен және инерттi газдармен толтыруға мiндеттi.

218. Шатырдағы өрттi сөндiру кезiнде ӨСЖ:

ережедегiдей, бiрiншi оқпандарды саты торлары бойымен беруге;

түтiндi кетiру, температураны түсiру, шатыр бөлмелеріне оқпандарды беру үшiн шатырды ашуды ұйымдастыруға;

жабу оқпандарын, шашырату оқпандарын беруге, дымқылдатқыш пен көбiктi қолдануға;

оқпандарды екi бағытта: саты торлары және шатыр жағынан (шатыр терезесi және ашылған шатыр жапқыш арқылы) беруге;

жанып жатқан төбенi шатыр жағынан да, төменнен де алуға ұйымдастыруға;

қашанда ғимараттың жоғарғы қабатында резервтегi оқпандарды ұстауға;

тiк және мұзды шатырларда жұмыс iстеген кезде қауiпсiздiк шараларын қолдануды қамтамасыз етуге мiндеттi.

219. Салынып жатқан үйлердегi өрттi сөндiру кезiнде ӨСЖ:

оқпандармен үйдiң негiзгi құрылымдарды, ағаштарын (тiреулерiн), баспалдақтарын (траптарын), өтпелi жолдарын қорғауды қамтамасыз етуге;

сырттағы тiректер жанған кезде қуатты су ағындарын берiп оттың ғимарат iшiне таралуынан сақтандыруға;

өршiген өрт кезiнде ғимарат iшiнде лафеттi оқпандар және «А» қол оқпандарын беруге;

қажеттi мөлшердегi оқпандарды беру мүмкiн болмаған кезде өртке қарсы тосқауыл жасап, тiректердi бөлшектеуге;

саты торларын негiзгi тiрек бекеттерден есептеп, шығатын жолдарды қамтамасыз етуге, оқпаншылардың бағытын анықтауға, жекелеген бөлмелерде сөндiрудi автосатылардан, автокөтергiштерден және мұнаралы крандардан берiлген оқпандар арқылы жүргiзу мiндеттi.