Зен кемелерiндегі өрттерiн сөндiру

 

341. Айлақтағы, доктағы және затондағы теңiз және өзен кемелерiнде өрт шыққан кезде:

жайлардың күрделі жобалануы, жанатын материалдардың көп мөлшерде болуы, әртүрлi жүктердiң және дизель отынының, сондай-ақ аралық бөлулерде қуыстардың болуы;

жану ошағына жетудiң қиындығы;

көшiру жұмыстарын жүргiзудiң күрделiлiгi;

жанатын құрылымдар мен жүктер, әсiресе тауар-жолаушы кемелерiнiң трюмдерi мен жоғарғы құрылыстары арқылы оттың тез таралуы мүмкiн.

342. Айлақтағы, доктағы және затондағы теңiз және өзен кемелерiндегі өртті сөндiру кезiнде ӨСЖ:

iс-қимылын кеме капитанымен, айлақ, кеме шаруашылығы әкiмшiлiгiмен келiсуге;

айлақ диспетчерiмен, керуен капитанымен, өрт сөндiрудiң жедел штабымен және құтқару кемелерiмен тұрақты байланыс ұстауға;

өрттi сөндiру, адамдарды құтқару және жүктердi басқа жаққа әкету кезiнде кеме механизмдерiнiң бар-жоғын, сондай-ақ айлақ крандарын пайдаланудың мүмкiндiгiн анықтауға;

жанған кеменi басқа кемелерден немесе жаға құрылыстарынан алыс әкетудiң, жанып жатқаннан басқа кемелердi көшiрудiң қажеттiгiн анықтауға;

трюмдегi, машина-қазандық бөлiмiндегi және басқа жайлардағы жанған өрттi сөндiру үшiн көбiктi, шашыранды суды, сондай-ақ кеменiң бу қондырғысының немесе көршi кемеден бу пайдалануға;

кеме капитанынан от пен түтiннiң таралуын хабарлайтын кемеде бар қондырғыны iске қосуды талап етуге;

палуба құрылысы ашық жанғанда кеменi желдiң бағытын ескерiп оның бойымен от тарамауы үшiн бұруға;

кеменiң орнықтылығына бақылау қоюға, (оның жантаюы, отыруы және т.б.) қажет болғанда трюмнен суды айдап шығаруды ұйымдастыруға;

жанған немесе көршi кемелердi тiркеуге алуға және су беру үшiн жүзетiн құралдарды пайдалануға мiндеттi.

343. Мұнай құятын кемелердегi (танкерлердегi) өрттi сөндiру кезiнде ӨСЖ-сі бұдан басқа:

мұнай өнiмдерiнiң түрiн және олармен танктердiң толу деңгейiн анықтауға;

мұнай өнiмдерiн құю немесе айдау жөнiндегi барлық жұмысты тоқтатуға;

танктерден төгу-құю қондығыларын әкетiп, жанбаған танктер люктерiнiң қақпақтарын ашуға;

жанған танктердi, палубаны және кеме борттарын салқындатуды ұйымдастыруға;

мүмкiндiгiнше бос танктердi сумен немесе инерттi газдармен толтыруға;

өрт автокөлiктерi мен жүзу құралдарын жанған кемеден өзеннiң ағысы бойымен жоғары орналастыруға;

танктердiң қабырғалары бұзылып, жанған сұйықтар судың бетiмен аққан жағдайда кемелердi және жаға құрылыстарын қорғау жөнiндегi шараларды қолданып, қуатты су ағынын беруге;

ЖЖС-тың және ЖС-тың сол төңiрекке таралуын болдырмау үшiн бон қоршауларын ұйымдастыруға;

көбiкпен атқылауды әзiрлеу мен жүргiзудi осы Жарғының 276-278 тармақтарына сәйкес орындауға мiндеттi.

 

 

Параграф. Гараждардағы, троллейбус және трамвай парктерiндегi

Рттердi сөндiру

 

344. Гараждарда, троллейбус және трамвай парктерiнде өрт болған кезде:

гаражда бензин (сығымдалған газ) құйылған автокөлiктердiң, троллейбус және трамвай паркiнде - жоғарғы кернеулi электр жүйесiнiң болуы;

гараж, парк және кiре берiс жолдарда, әсiресе түнгi мезгiлде көлiк құралдарының жиналып қалуы, олар арқылы оттың таралуы;

гараждың көп қабатты үйiнiң тез түтiндеуi және олардағы адамдарға қауiптiң төнуi;

полимерлiк материалдардың жануы кезiнде уландырушы газдардың бөлiнуi;

жанатын жылытқыштары бар кең көлемнiң болуы мүмкiн.

345. Гаражда, троллейбус немесе трамвай паркiндегi өрттi сөндiру кезiнде ӨСЖ:

үйдi сөндiрумен бiрге оқпандарды көлiк құралдарын қорғауға беруге;

бензин бактарының жарылысын болдырмауға;

қажет болғанда сөндiруге көбiк құралдарын қолдануға;

трамвай депосында магистральдi және жұмыс жеңi жолдарын трамвайдың қозғалысын ескерiп, жол бойымен және рельстiң астымен салуға;

жайдан көлiк құралдарын көшiруге жүргiзушiлердiң, қызмет көрсетушiлердiң, өртке қарсы құрамның мүшелерiнiң көмегiмен жүк тартқыштарды және тракторларды пайдаланып ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге;

соңғылары болмаған жағдайда көлiк құралдарының өздерiн жүргiзiп немесе қолмен итерiп шығаруға мiндеттi.

346. Жер асты гаражындағы өрттiң жоғарғы және төменде орналасқан қабаттармен оттың тез таралуымен, сөндiру құралдарын әсiресе төменгi қабаттарға берудiң күрделiлiгiмен сипатталады.

347. Жер асты гаражындағы өрттi сөндiру кезiнде ӨСЖ:

сөндiрумен бiрге автокөлiктi басқа жаққа әкетудi ұйымдастыруға;

сөндiрудi жоғарғы жанған қабаттан бастауға және жануды сөндiруге байланысты төмен орналасқан қабаттарға қарай жылжуға;

құрылымдарды, әсiресе жамылғыларды, колонналарды тездетiп салқындатуға және түтiндi сыртқа шығаруға мiндеттi.