Соңғы сапар тағылымы

Қазақ шет жұртқа қоныс аударғанда, соғысқа аттанғанда, сондай-ақ өлім сәті таялғанын сезгенде өзінің жақын адамдарымен, ел-жұртымен арыздасып, қоштасқан. Бұлармен бірге қазалы жағдайда естірту, тоқтау, басу айту, жүбату, көңіл айту төрізді қаралы күйге үшыраған адамға психологиялық түрғыдан демеу көрсету мақсатындагы сөздер айту да әрбір тілеулес адамның парызы саналған. Қоштасу, естіртулердің қарасөз өлең, кейде күй түрінде айтылатын нұсқалары қазақ ішінде көптеп кездеседі. Төменде солардың өлең сөз түріндегі нұсқалары ұсынылып отыр.

 

Оштасу

Таңсықтың елмен, жермен қоштасуы

Балталы, Бағаналы ел аман бол,

Бақалы, балдырғанды көл, аман бол!

Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,

Ойнап-күліп, ер жеткен жер, аман бол!..

Жасы кіші аға мен іні, аман бол,

Іребдел өңшең мырза жаға, аман бол!

Қайын атаң Қарабай сенен қашты,

Жөргекте Қозы Көрпеш, тағы аман бол!...

 

Обыланды мен қарындасы Қарлығаның қоштасуы

Қарлыға:

Желі толған сары түйе,

Ағажан, кімге қалдырдың?

Қора толған ақты қой,

Ай көке, кімге қалдырдың?

Тоғай толған көп жылқы,

Күн көке, кімге қалдырдың?

Тоқсанда әкең Тоқтарбай,

Алпыста шешең Аналық,

Ақ көке, кімге қалдырдың?

Бірге туып, бірге өскен,

Көкежан деп жылаған,

Мен сорды кімге тапсырдың?

Бұ дүниеде мұңдасың,

Төсекте жатсаң, сырласың,

Ақиреттік жолдасың,

Бұлаңдаған қыз Құртқа,

Оны да кімге тапсырдың?

 

Қобыланды:

Желі толған сары түйе,

Сары суға тапсырдым.

Қора толған ақты қой,

Аш бөріге тапсырдым.

Азу тісі балғадай,

Жас бөріге тапсырдым.

Тоғай толған көп жылқы,

Жасанған жауға тапсырдым.

Төртеуіңді тәуекел,

Бір құдайға тапсырдым.

Сіздер — төртеу, мен — жалғыз,

Жауға кетіп барамын,

Әлдеқандай боламын,

Айналайын Қарлығаш,

Ағаңды кімге тапсырдың?

Білімдік айтыс

Ғылым мен Надандық

Ғылым:

Әй, малғұн, мен келгенде көтер басты,

Болдың ғой түпке жетіп сен албасты.

Қалғыздың кейбіреудің құр сүлдесін,

Тынышына қоймаймысың қалған жасты.

 

Надандық:

Шайқама тәтті ұйқымды тентіреген,

«Келсін» деп сені мұнда кім тілеген?

Күшпенен кімді жеңіп алғандайсың,

Нәп-нәзік түрің мынау үлбіреген.

 

Ғылым:

Көгілдір ғой, сенің мені қомсынғаның,

Көріп пе ең құтылғанын құл сұнғаным.

Қиылып бір нқысам қалатұғын,

Желкең бе, күжірейген молсынғаның?!

 

Надандық:

Сен кімсің, түрің нашар, сөзің жуан,

Бар еді күш берерлік қанша дуаң?

Қолыңнан келмейтұғын жұмыс жоқтай,

Жыландай жылмаңдайсың сумаң-сумаң.

 

Ғылым:

Танырсың асықпай тұр, жуан мойным,

Қар менен мұзға толар жылы қойның.

Жоқ қылмақ сендейлерді бұл жаһаннан,

Бұл күнде істеп тұрған менің ойым.

 

Надандық:

Мен сенің шошымаймын пошымыңнан,

Достасып сеніменен қосыла алман.

Қақпамды ашып қойып сендейлерге,

Батыр-ай, кел ғой деп ұсына алман.

 

Ғылым:

Қызғаншақ сорлы екенсің, ішің тар-ақ,

Сөз айтсам тыржиясың әрман қарап.

Жіңішкелеп қазағың да сөз салып тұр,

Шаруаға жайлы екен деп біздің тарап.

 

Надандық:

Ол жұртым, ақылы кем, азған еді,

Тілге ерме дәйегі жоқ жазған еді.

Саны да көп болғанда қырық миллион,

Есептеусіз шетте жатқан аз ғана еді.

 

Ғылым:

Бұл күнде қытайың да сөз салып тұр,

Қызығып біздің түрге көз салып тұр.

Азырақ арасынан жанжал шығып,

Ол сауал кемді күнге тоқталып тұр.

 

Надандық:

Қой, жаным, алаң болма, қазағыма,

Ол сенің ереді деп мазағыңа.

Жұмысың тұрғанымен шимай-сызбай,

Көндігер олар неғып азабыңа.

 

Ғылым:

Түрің жоқ, әптің мынау15 ақыл шығар,

Мен білсем, өлімің де жақын шығар?!

Арада соғыс шықса, қан төгілер,

Бергенің татулықпен мақұл шығар.

 

* * *

Надандық қысылғаннан кетті терлеп,

Не шара күшті тұрса, нәубет бер деп.

Бар еді қазақтарда көп аласым,

Алғанша жалыпты мәулет бер деп.

Хайуанат пен адам айтысы

Иесі мен сиыр

Иесі:

Неғып жүрсің, қу жалғыз, шолақ сиыр,

Сиырымен Айтақтың болдың үйір.

Үй маңында көдені жұлып жатпай,

Сен шолаққа бір сойқан болды биыл.

 

Сиыр:

Мейірімсіз адамсың тастан қатты,

Сүмеңдетіп арыттың кер жорға атты.

Үй қасында көденің түк дәмі жоқ,

Қала өлеңнің, қамыстың түбі тәтті.

 

Иесі:

Шолақ сиыр, көзіңді ояйын ба,

Биылғы жыл соғымға сояйын ба?

Биылғы жыл соғымға сойып алып,

Танабайға жаяңды қояйын ба?

 

Сиыр:

Шиыршықтап қыл арқан ескеніңді,

Қу шолақты соялық дескеніңді,

Қу шолақты соғымға сойып алып,

Бүржекейден көрермін көшкеніңді.

Мешел мен бұзау

Мешел:

Қу бұзау, бұл сөзіңе сенейін бе,

Кеш болды енді үйіме жүрейін де,

Алыстан жаяу шаршап әзер жеттім.

Бір кезек енді өзіңе мінейін бе?

 

Бұзау:

Мойнымды арықтықтан бұра алмаймын.

Орнымнан әлім аз ғой тұра алмаймын.

Орнымнан үш ұмтылып тұрсам-дағы,

Көтеріп сені үйіңе бара алмаймын.